Шымкентте нашақорлыққа қарсы ақпараттық жарнамалар ілінді

159

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандарымен және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарымен бірлесе отырып, қала көшелеріндегі ғимараттарда адамның иммунтапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын алдын-алуға бағытталған ақпараттық жарнамаларын ілді.

Айта өтсек, бұл бастаманың мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.

Осы ретте ақпараттық жарнамалар арқылы азаматтық қоғамның назарын нашақорлықтың адам өміріне қаншалықты зиянды екенін келешек ұрпаққа айтып жеткізу. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ-ға тексерілуге шақыру. Қазіргі таңда көптеген психоактивті заттар қабылдау түріне қарамастан, жасөспірімдер арасында АИТВ-мен зақымдалу қауіпі туындап отыр. Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп, тәуекелге жиі апарады. Мұндай жағдай қоғамда қатты алаңдатушылық туғызып отырғаны белгілі. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

Advertisements