ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

165

Басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова Ontustik телеарнасының “Бүгінгі әңгіме” бағдарламасының түсірілімінде қонақта болды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндап, көпшілікті толғандыратын әлеуметтік мәселелер негізінде сұхбат өрбітті.

Жалпы, басқарманың миссиясы:
– халықты жұмыспен қамту, -әлеуметтік қорғау,
-арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Басқарма 2018 жылдан бастап халыққа қызмет етіп келеді. Көрсетілетін мемлекттік қызметтердің 26 түрі автоматтандырылған. Яғни, кез-келген адам егов порталы арқылы өзіне керек қызмет түрін электронды түрде ала алады. Оның ішіне азаматтық хал актілер бойынша қызметтер, әлеуметтік портал, жұмыссыз ретінде тіркелу, қандас мәртебесін беру және т.б. кіреді.
Бірінші бағыт бойынша, жұмыссыздықпен күрес және халықтың әл-ауқатын арттыру шарасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылады.
Айта кету керек, биыл Шымкент қаласында 21 942 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңға оның 17 мыңнан астамы қамтылған.
Екінші бағыт, ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау.
Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек балаларға және Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген азаматтарға мемлекеттік көмек көрсетуді үйлестіру.

Шымкент қаласы бойынша -82 497 зейнеткер, оның ішінде 16 – ҰОС ардагерлері, 2962 – тыл еңбеккерлері бар. Бұдан бөлек, 46 506 – көп балалы аналар, оның ішінде 10 698 – «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар, сондай-ақ, 36 823 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген, оның ішінде 6 391-і – 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

Advertisements