ШЫМКЕНТТЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Асыл жүрек» орталығында қызмет алушы зейнеткерлер арасында шахматтан жарыс өтті. «Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлерді салауатты өмір сүруге шақырып, өмірге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында апта сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі. Бұл жолы ұйымдастырылған басекеде бақ сынасуға оншақты қызмет алушы ынта білдірген. Үздік ойын өрнегін көрсеткен Джумбаев Ашимхан, Туртаев Мутал, Ибрагимов Хадмат есімді зейнеткерлер жарыс соңында «Алғыс хатпен» марапатталып естелікке сыйлықтар алды. Қызмет алушылар бәсекеде ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін дәлелдеп, қарсылатарына дес бермей жеңімпаз атануц үшін барын салды.
«Логикалық ой өрісті машықтандыратын шахмат ойнау қызмет алушылардың сүйікті ісі», – дейді орталық қызметкерлері. Ал зейнеткерлер өз кезегінде осындай игі шаралардың ұйымдастырылып жоғары деңгейде өтіп жатқанына өз ризашылықтарын білдіруде.
Айта кетейік «Асыл жүрек» орталығы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен 2019 жылы 7-ші маусымда салтанатты түрде ашылды. Мұнда кардиолог, терапевт, невропатолог, физио-терапевт дәрігер мамандары қызмет көрсетеді. Ғимарат медициналық тексеруден өту аймағы, интернет – кафе (egov.kz «Электронды үкімет» порталы), емдік-уқалау және кинозал, кітапхана, тренажерлық және спортпен шұғылдану (йога, би, үстел теннисі, бильярд), сенсорлық кабинет, тілдер курсы (қазақ тілі, ағылшын тілі, латын әліпбиі), қолөнермен жұмыс жасау аймақтарымен жабдықталған.