ШЫМКЕНТ: Мектептің кітапхана қоры толуда

124

«Білім-кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады»-деп тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, адамның ой-өрісін дамытып, тіл байлығын қалыптастыратын да — кітап екені анық. #88 жалпы орта білім беретін мектебінде, Шымкент қаласы білім басқармасының хаты негізінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 28 қазанынан бері «2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарын кітапханаларын перспективалық дамытудың Жол картасын» іске асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жұмыстар атқарылып келеді. Мектеп кітапханасы-кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына ықпал ететін-әлеуметтік орта. Осы оқу жылында, балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау мақсатындағы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен кітапхана қоры көркем әдебиеттермен толықтырылды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары жаңа кітаптармен танысып, қуаныштары мен пікірлерін білдірді.

Advertisements