Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізілуде

154

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша 50 адам Резервке алынады.

Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді.

Резервке алынған адамдар саяси лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік, «Б» корпусының басшы және «Б» корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Резервке алу үшін үміткерлерге келесі кезеңдерден өту керек:

✔️үміткерлерден құжат қабылдау;

✔️күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

✔️ ситуациялық тапсырмаларды шешу;

✔️ құзыреттерді бағалау;

✔️ Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;

✔️Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.

Кезеңдердің басым бөлігі онлайн режимде өтеді. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында жүзгізіледі.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР PKREZERV.GOV.KZ САЙТЫНДА ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ‼️

Advertisements