ШЫМКЕНТ: АГРС-3: ГАЗ ҚҰБЫРЫНА ГИДРАВЛИКАЛЫҚ СЫҒЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІЗІЛУДЕ

194

 

Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым жұмыстарының барысымен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне пресс-тур ұйымдастырылды. Ең алдымен журналистерді қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков құрылысы жүргізіліп жатқан автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс барысымен таныстырды.

Басқарма басшысы Шымкент қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс жұмыстары 98 пайызға орнылдалғанын атап өтті. Ал, нысанның техникалық құрал-жабдықтары 100 пайыз орнатылған.

Бүгінгі таңда, АГРС-3 нысанның газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмыстары жүрізілуде. АГРС-3 нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айының соңына дейн іске қосу жоспарға қойылған.

Газ тарату стансиясы іске қосылған кезде, тұрғын үй, әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Бүгінде 92,2% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 пайызға жететін болады.

Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі -250 000 м3/сағ құрап отыр. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын.

Стратегиялық маңызы бар нысан құрылысын мердігер мекеме «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан жүргізілуде.

Advertisements