Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және “30 игі іс” қайырымдылық марафоны

150

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және “30 игі іс” қайырымдылық марафоны аясында, жыл сайынғы “Мектепке жол” Республикалық науқаны аясында “Nur Otan” партиясы Еңбекші аудандық филиалы “Жасұлан” Бастауыш Партия ұйымының төрағасы Тасмурзаев Абуали Шалдарбекұлы және төраға орынбасары Бексұлтан Тұрсынбекұлы басшылық ететін “Пайғамбардың көршілері” қайырымдылық қоры (@paigambardyn_korshileri_qory) бірлесе отырып Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясы, №46 мектеп-лицейі және №28 жалпы орта мектебінің әлеуметтік аз қамтылған оқушыларына мектепке қажетті мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім мен аяқ-киім, мектепке арқалайтын сөмке және т.б қажет заттары табыс етілді.

 Аталған акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік аз қамтылған көп балалы отбасылардың балаларына, Толыққанды отбасыдан шықпаған жартылай жетім қалған оқушыларымызға, жалпы тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету.
 Іс-шара барысында биылғы оқу жылында мектеп әкімшілігін құттықтап, білім алуға, мектепке баруға қажетті керек-жарақтар берілді.

 Құрметті оқушылар!

Баршаңызға жаңа оқу жылында табыстар мен жетістіктер тілеймін! Ел үмітін ақтар білімді, үлкен азаматтар мен азаматшалар болыңыздар! Елді келешегі өздеріңіз!

Advertisements