Шымкенттегі «1-М-1» қосалқы станцияның құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталды
Шымкент қаласында қоректендіру желісі 110 кВ «1-М-1» қосалқы станцияның құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі әлеуетті нысанның құрылыс жұмыстарын бақылады.
Жоба қуаттылығы – 40 МВт. Аталған нысан 5 елдімекен – Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ және Қайтпас-2 шағынауданының қосылу көзі болып саналады. Жалпы қамтылатын халық саны – 60 мыңға жуық.
Жауапты мердігер мекеме – «Электромонтаж» АҚ. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Мердігерлер нысан құрылысын 2021 жылдың тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Жалпы 1 дана 110 кВ КРУЭ, 2 дана ТДТН-40000 басты жабдықтар орнатылады. Желілердің ұзындығы – 5,2 шақырым.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі