Шымкент : Тұрғын үй алуға арналған мемлекеттік бағдарламар

113

Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде тұрған  және мемлекет тарапынан қолдау тапқан адамдарға төмен пайызбен несиелік бағдарламалар ұсынылуда.

Атап айтқанда, бірінші, «Бақытты отбасы» (2-10-20) бағдарламасы. Аталған бағдарламаға «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Несиенің берілетін жылдық мөлшерлемесі 2 пайыз, алғашқы жарнасы 10 пайыз, 20 жыл мерзімге беріледі.

Екінші, «Шаңырақ» (5-10-20) пилоттық жобасы. Бұл жоба бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген кез-келген азаматқа өтінім беру қарастырылған. Ол  үшін келесідей талаптарды растау қажет:

1)  Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;

2) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда  бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (2021жылға-34 302 теңге) 3,7 еселенген шамасын қоса алғанда (126 917 теңге), отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есептемегенде) табыстың болуы;

3) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына          сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелу;

4)  төлем қабілеттілігін растау.

Ал келесі «7-20-25» бағыты бойынша кез келген, атында мүлік тіркелмеген ҚР азаматы нарықтан алғашқы тұрғын үйден жылдық мөлшерлемесі 7 пайыз, алғашқы жарнасы 20 пайыз, 25 жыл мерзімге несие негізінде пәтер ала алады. Сатып алынатын пәтер құны 25 млн.теңгеден аспауы тиіс. Ең бастысы, несиелік тұрғын үйдің бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін    мемлекет тарапанан берілетін тұрғын үй сертификатына қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылады.

Айта кетейік аталған бағыттар бойынша хабарландыру жарияланғаннан кейін өтінім жіберу «baspana. кz» интернет – ресурсы арқылы жүзеге асырылады.

Advertisements