Шымкентте жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты
Шымкентте жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 11 621,5 млн. теңгені құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 137,3% — ға артқан. Сондай-ақ, қала өнеркәсібінің өндірілген өнімінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9% — ды құрайды. Ал республикада жеңіл өнеркәсіптің үлесі-20,9% — ға жетеді.
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар көп. Атап айтсақ, «AZALA Textile» ЖШС, «Арайлы» ЖШС, «Жібек.Н.М.» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы ЖШС, «АГФ Групп» өндірістік компаниясы» ЖШС, «ALATEX» ЖШС, «Жаңаталап-МТ» ЖШС, «KAZPLAST» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «AZALA Cotton» ЖШС, «Әлем-БТ» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар текстиль» сынды кәсіпорындар қарқынды жұмыс жүргізуде.
Ал, тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту және қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімін шығару үшін 200 гектарға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық портфелі жалпы құны 86,1 млрд.теңге болатын 44 жобадан тұрады. Бүгінгі таңда 22 жоба іске асырылып, 32,6 млрд.теңге сомасына инвестиция тартылып, 2 282 жұмыс орны құрылған.
Айта кету керек, «Оңтүстік» АЭА қатысушы кәсіпорындары іске қосқан сәттен бастап 82,1 млрд.теңгеге өнім өндіріп, өнімнің жартысынан көбі 45,1 млрд. теңгеге жақын және алыс 22 шет елге экспортталды.