ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

155


Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен “Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастырылған жұмыссыздарға арналған көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Аталған жәрмеңке Абай және Әл-Фараби аудандарының тұрғындарына қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындары тарапынан 2000 астам медициналық, техникалық және педагогикалық мамандықтары бойынша тұрақты және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде уақытша бос жұмыс орындарын ұсынылды.

– Бүгінгі бос жұмыс орындарының көшпелі жәрмеңкесі қаладағы шалғай елді мекендерінде тұратын жұмыссыз азаматтарға ұйымдастырылып отыр. Бос жұмыс орындарын ұсынып қана қоймай, нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту, жұмыс беруші мекемелердің сұранысына сай қажетті маман таңдауларына мүмкіндік беріледі. Алдағы уақытта да осындай шаралар өз жалғасын табады-деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова.

Айта кетсек, күні ертең 30 қыркүйек күні қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ саяжайындағы №83 мектебінде сағат 10.00-13.00-де, ал Еңбекші ауданы, “Жұлдыз” м/а, М. Маметова көш, 30/1,268 орамда орналасқан №94 мектебінде сағат 15.00-18.00-ге дейін аралығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

Advertisements