ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 3 ПОДСТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

158

Қаладағы барлық тұрғындар электр жарығымен қамтылған болса, оның ішінде сапалы электр қуатын қажет ететін шағын аудандар бар. Сапалы жарықпен қамту үшін осы жылы 9,4 млрд.теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл жөнінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов брифинг барысында айтты.
Спикердің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін 3 подстанция пайдалануға беріледі. Оның бірі жақында іске қосылған «Бозарық» қосалқы электр станциясы. Қалған «Ақжар» мен «1-М-1» қосалқы станциялар жыл аяғында тапсырылады.
Сонымен бірге 7 елді мекендегі құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық халық сапалы электр қуатына қосылады. Ішкі жүйелер – Жалын, Ақжар, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарында жүргізілуде.
Нәтижесінде, сапалы электрмен қамту деңгейі 95%-дан 97%-ға жеткізу жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements