«ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021»: ШӘКІРТТЕРДІҢ ЖЕҢІСІ – МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕМІСІ

209


Мұғалімнің қажырлы еңбегі шәкірттерінің белесінен көрінеді. Республикалық «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпазы, Шымкент қаласы №122 Ақжар жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолпан Бегманова өз саласының үздігі болу 21 жылдық еңбектің жемісі екенін алға тартады.

Шолпан Жолдыбекқызы 1993-1997 жылдары Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» гуманитарлық университеттің тарих факултетін бітіріп, алғашқы еңбек жолын №122 Ақжар жалпы орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Шәкірттерінің шығармашылығын жетілдіру мен жас ғалымдарды тәрбиелеуді өмірлік ұстаным еткен ұстаз бір орында қызметін жалғастырып келеді.

Пәнді барынша жаңашылдықпен үйрететін ұстаздың негізгі тәсілі өз жұмысында жобалық қызмет тәсілін қолданады. Соның нәтижесі болар, шәкірттерінің жобалары халықаралық, республикалық конференциялар мен байқауларда жоғары баға алып жүр. Еңбек жолында 50-ден аса оқушыларды республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобағаларға дайындаған. Осы оқушылардың 30-ы жеңімпаз атанған.

Ұстаздың бүгінге дейін жарық көрген ғылыми еңбектері мен авторлық жобаларына Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Сүлейменова рецензия жазып, оң бағасын берген.

Шолпан Бегманова 2019 жылы еліміздің рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов «Құрмет грамотасын» табыстаған. Елдегі білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР педагогтарының «Алтын төсбелгі», педагогикалық қызметте жеткен табыстары үшін «Әл-Фараби» медалі және 2020 жылы Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституцясының – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Қорыта айтқанда, шәкірт тәрбиелеп жүріп өз білімін де шыңдаған мұғалім өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолында бар әлеуетін жұмсауға әзір. Ұстаздар үздік түлектер тәрбиелесе, болашақта мықты маман болып, еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосары анық.

Advertisements