ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР КӘДЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

98
Түркістан облысы, Созақ ауданының кәсіпкері Салия Әзімбаева экологияны тазарту бағытында тиімді жобаны қолға алды. Ол қазіргі таңда Созақ ауылындағы және өндіріс орындарындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, түріне қарай сұрыптап, тығыздау (престеу) жұмыстарымен айналысуда.
Кәсіпкер жиналған тұрмыстық қалдықтарды Шымкент қаласына жөнелтеді. Ол жақта қоқыс өңделеді. Бүгінде кәсіпкердің қарамағына төрт адам жұмыспен қамтылған. Жоба ауқымы ұлғайса жұмысшы санын 6 адамға де жеткізуге мүмкіндік бар. Алдағы уақытта арнайы көлік техникасы мен пластмасса қалдықтарын ұсақтап турайтын аппарат алуды жоспарлап отыр.
Салия Рысханқызы 2020 жылы «Бастау Бизнес» жоба бойынша кәсіпкерлік курсын бітіріп, сертификатын алған. Биыл гранттық комиссияға жобасын ұсынып, аталған кәсібінің ауқымын кеңейтуге мемлекеттік қолдау алмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements