ШЫМКЕНТ: «Тұран» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің қауіпсіздігі тексерілді

127

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бюджет есебінен пайдалануға беріліп жатқан «Тұран» шағын ауданындағы тұрғын үйлердегі орнатылған жедел сатылардың (лифтілер) қауіпсіздігі тексерілді.

Қалалық орта сапасы және бақылау, құрылыс басқармаларының жауапты мамандары мердігер мекемелердің қатысуымен «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларындағы» бекітілген ережеге сәйкес жедел сатыларға комиссиялық сынақ жүргізіп, тіркеуге алу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі таңда құрылысы аяқталып пайдалануға берілетін 21 тұрғын үйде орналасқан 42 жедел сатыға сынақ жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету реестріне енгізіліп электронды түрде тіркелді.

Мердігер мекемелердің қызметкерлеріне жедел сатыдағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты тұрде жалғасатын болады.

Тұран шағынауданда көпқабатты 88 үй салу жоспарланған. Пәтерлердің жалпы ауданы – 335 мың шаршы метр.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы 29 үй (1880 пәтер), 2022 жылы 32 үйдің (1968 пәтер) құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Advertisements