ШЫМКЕНТ: Заңсыз құрылысқа жол жоқ

99

Үшінші мегаполисте заңсыз орнатылған құрылыс нысан сүрілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында заңсыз құрылыс бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шарада Теріскей шағынауданы №49 үй алдында заңсыз тұрғызылған жеңіл конструкциялы құрылыс нысаны анықталды. Тиісті түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде заңсыз деп танылған құрылыс нысаны алынып тасталды.

Қала тұрғындарын, жеке кәсіпкерлерді абаттандыру қағидасын бұзбауға шақырамыз. Шаһарда бұл мақсатта барлық аудан аумағында зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Сәулет және қала құрылысы басқармасы заңсыз салынған ғимараттардың әділет органдардағы тіркеуін бұзып, техникалық сараптама тағайындауды талап етіп отыр. Ал талапқа сай келмеген нысандар бұзылады. Бүгінге дейін осындай төрт қабатты нысан сот шешімімен бұзылған. Соңғы екі жылда шаһарда жаңадан 1100 нысан тұрғызылған. Соның 600-ден астамы ешқандай жобалау құжатынсыз, сәулеттік жоспарсыз және техникалық сараптамасыз салынған.

 

Advertisements