ШЫМКЕНТ: Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды

85

Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ондағы жаңа қондырғы Корея елінен арнайы әкелінген. Томография кабинетін аралап көрген қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайтып, науқастарды дер кезінде диагностикалауда құрылғының маңыздылығын атап өтті.

Жоғары сапалы томографияны қолдану – қан айналымы жүйесінің аурулары диагностикасында, кеуде артериясына, аортаға инвазивті емес ангиография жасауда «алтын стандарт» болып табылады. КТ көрсеткен диагностикалық тапсырмаларды сапалы әрі саны бойынша да шешуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, қазір 35-тен асқан жастардың арасында жүрегі сыр беретіндер жиі кездеседі. Сондықтан Еуразия аумағындағы елдер ішінде жүрек-қан тамыры аурулары бойынша Қазақстан алдыңғы орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде жыл сайын жүрек-қан тамыры ауруларынан 17 млн адам көз жұмады. Ал отандық мамандар дерттің соңғы 20 жылда елімізде де дендеп бара жатқанын айтады.

Advertisements