Қалада тамыз айына дейін 1-сыныпқа 25 005 бала қабылданды

120

Басқарма басшысының сөзінше, биыл қалада тамыз айына дейін 1-сыныпқа 25 005 бала қабылданған. Ал тамызда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және құжаттарын дер кезінде тапсырмаған ата-аналардың талабы арқылы 31 бала қосымша қабылданған.
– 2021-2022 жаңа оқу жылы білім беру ұйымдары 17-ге артты. 785 білім мекемесіндегі 350 мыңға жуық білім алушылармен (+8 000 бала) басталғалы отыр. 1-сыныпқа бүгінгі таңда қабылданғаны – 25 005 баланы құрап, меже толығымен орындалды, – деді басқарма басшысы.
Жанат Тәжиева эпидемиологиялық жағдайға байланысты тәрбиеленушілердің ата-аналарын вакцина салдыруға шақыра отырып, мектептегі дезинфекциялық заттарға ақша жинауға негіз жоқ екенін жеткізді. Бұл ретте білім ұйымдарына қажетті заттың бәріне қаржы бөлініп отырғанын және ата-ана балаларын тек бетпердемен қамтамасыз ету керектігін айтты.
– Білім ұйымдарында күнделікті термометрия, кварцтау, желдету, дезинфекция және бетперде режимі сақталады. Ата-ана баласына тек маска алып беріп отырса жеткілікті. Қалған санитариялық-эпидемиологиялық шараларға арнайы қаржы қаралған, – деді қаланың бас ұстазы.
Ал Алдарқұл Ахметов ұстаздар қауымы мен оқушыларға білім беретін мекемелерде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Оның ішінде, қарсы көрсетілімі бар және КВИ-мен соңғы үш айда ауырған педагогтер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері толықтай вакцинациялануы қажет екенін айтты.

Advertisements