ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағынауданы биыл сапалы ауыз сумен қамтылады

109

Шымкент қаласының Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында үш магистралды су құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр. Қала әкімінің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс нысанын аралады.

Жеті жылдан астам уақытта ауыз суды тасып ішіп келген Асар-2 шағынауданы биыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Қала әкімінің тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыру аясында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

«Асар-2» тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Құрылысын мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» жүргізуде. Жалпы ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су желісін тарту жұмыстарының бүгінде 80 пайызы аяқталды. Құрылыс жұмысы биыл толығымен бітіп, Асар-2 шағынауданындағы 11060 адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Сонымен қоса, шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отын мен жарық жүйесі де тартылуда.

Advertisements