ШЫМКЕНТ: «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері аудандарды аралады

118

Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Жадыра Таңатарова, Төреайым Сұлтанова, Сұлтан Қуандық Абай жіне Қаратау  аудандарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында Самал-3 шағын ауданындағы спорт алаңшалары мен жүргізіліп жатқан кәріз жүйелерінің құрылысымен, Әл-Фараби көшесінің құрылыс жұмыстары мен Тұрлан ш.а. көп қабатты тұрғын үй ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарымен бақылады.
Бұл игі жұмыстар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы негізінде іске асырылып отыр. Сондай-ақ, барлық аудандарда жалғасын табатын болады.

Нұрсат тұрғын алабындағы орталық көшелердегі жасыл-желектерді күтіп ұстау жұмыстарын «Бюлдстрой» ЖШС мердігерлік мекемесі жасауда. Көгалдандыру жұмыстары жоғарғы сапада жасалып, автоматты түрде суару мүмкіндігі қарастырылған және отырғызылған көшеттер жайқалып тұр.
Кемшіліктері: балаларға арналған ойын алаңындағы қоршаулар, сырғанақтарға өте жақын орналасқан. Бұл ойын кезінде жарақатқа әкелуі мүмкін. Осы себептен қоршаулардың орнын ауыстыру керектігі ескертілді.

Қайнарбұлақ саяжайы, №83 ЖОМ жанындағы жер теліміне, Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік акт беріліп, Шымкент қайырымды қала демеушілер есебінен жаттығу элементтері мен ашық спорт алаңшасы салынды. Мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС.
Мұнда мектептің ауласында қурай өсіп, қоқыс жәшіктері орнатылмаған және балалар суды даладағы бағанадан ішуге мәжбүр. Бұл тез шешілу керек мәселе екені айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді. Аталған жұмыстар үнемі партия бақылауында.

Advertisements