Шымкент : Қоғамдық көліктер мәселесі басты назарда

161

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының ситуациялық орталығы , жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары тарапынан iKomek 109 Shymkent орталығына қоғамдық көлік мәселелері бойынша түскен арыз-шағымдар тасымалдаушы мекемелермен бірлесе талқыланып, ең көп түсетін шағымдар назарға алынып, шешу жолдары ұсынылды.

Жиналысқа УК “Shymkent bus”, “T-Bus” ЖШС, “Green Bus Service ” ЖШС, “Туркестанская транспортная компания” ЖШС, “Радуга транспорт” ЖШС, “Ман-Онтустик” ЖШС, “М и Р и Со” ЖШС, “Автоимпульс” ЖШС, “Бек-сервис” ЖШС, “Бекзат-сервис” ЖШС, “Асыл” ЖШС, “Санжар Мотрос” ЖШС, “Абдуганиев” ЖК басшылары мен колонна басшылары қатысып, қызмет көрсететін бағыттар бойынша сараптама көрсеткіштері көрсетіліп, бірнеше арыз-шағымдар талқыланды.

Атап айтқанда, “T-Bus” ЖШС қызмет көрсететін 150, 27, 103, 126 және “Shymkent bus” БК қызмет көрсететін 10 бағыт бойынша @ikomek109.shymkent орталығына ең көп шағымдардың түскендігі мәлімделіп, тиісті шара қолдану тапсырылды.

Құрметті қала тұрғындары! Сіздердің барлық шағымдарыңыз қала әкімінің және орталық мамандары мен жауапты мекемелердің басты назарында.

Шешілмей жатқан мәселелеріңіз немесе сауалдарыңыз болса, БІРЫҢҒАЙ ТЕГІН 109 нөміріне хабарласа алатындарыңызды назарларыңызға саламыз.

Advertisements