ШЫМКЕНТ: 311,3 шақырым жолда жөндеу жұмыстару кызу жүріп жатыр

113

Шымкент қаласында бүгінгі таңда 182 нысан немесе 311,3 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Жыл соңына дейін 169 нысан (270,3 шақырым) пайдалануға беріледі.
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды атап өтті. Басқарма басшысы жыл басынан бері жүзеге асқан жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Бүгінгі таңда қалада Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық, Қонаев көшесі жалғасы құрылысы, магистралды көшелерде орташа жөндеу, ішкі орам көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырық құрылысын толығымен аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Нысан құрылысына жауапты мердігер – «Bazis Construction» ЖШС.
Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 2 кезеңі жұмыстары («Ескі қалашық» аумағы) «Сити Строй» корпорациясы тарапынан атқарылуда. Қазіргі таңда аталған нысан бойынша жер негізін жасау жұмыстары жүзеге асырылуда.
Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС -не жүктелген. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату жұмыстары орындалды.

Шымкент қаласы бойынша 71 көше, яғни 49,8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым, Абай ауданы бойынша 9,1 шақырым, Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша жалпы ұзындығы 21,9 шақырым 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ішкі орам көшелері бойынша жалпы 151 көше, 180,4 шақырым жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда 66 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Advertisements