ШЫМКЕНТ: Бір тәулік ішінде қалада 4698 адам вакцина алды
Шымкентте 8 қыркүйек күні КВИ-дің 150 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 116, белгілері жоқ – 34). 86 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 64 адам үй бақылауына алынды. Ал алдыңғы тәулікте індет жұқтырған 82 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 37адам үй бақылауына алынған болатын.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 500 орын бар, төсек орын толымдығы 40%-ды құрайды, 1476 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1024 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 446 төсек орын бар, 194 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 4698 адам вакцина алды
(I компонент-2624, II компонент-2074). Егу науқаны басталғалы барлығы 449 073 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 379 639 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ соңғы тәулікте 358 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Вакцина қабылдап, өміріңізді сақтаңыз. Екпе алу – қалыпты өмірге қайта оралудың жалғыз жолы.