ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы аумағында 94 балалар ойын алаңшасы абаттандырылды

90

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов және қалалық мәслихат депутаттары аудандағы абаттандыру жұмыстарының барысын аралады.
Аудан әкімі және мәслихат депутаттары құрылысы жүріп жатқан балалар ойын алаңшасының жаттығу элементтерімен танысты.

Аудан басшысы жауапты мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындап, түрғындар игілігіне пайдалануға беру қажеттігін тапсырды. Аталған алаңшаның құрылыс жұмыстары «Назар» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жобаны 2021 жылы қазан айының соңына аяқтау жоспарлануда.

Сонымен бірге, Қаратау ауданы аумағында бүгінгі күнге дейін 94 балалар ойын алаңшасы абаттандырылса, алдағы уақытта шамамен 15-ке жуық ауланы аббаттандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынатын болады.

Тұран шағын ауданындағы Адия тұрғын үй кешені мен Асар шағын ауданында орналасқан 3 ауланы абаттандыру және Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 4 аула, 1 елді мекенге (Тұран ш/а Отау Строй т/к, Өтеміс т/а) балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

21 аулаға (Тұран ш/а, Ақжайық ш/а, Асар ш/а) балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнатуға қаржы қаралған. Қазіргі таңда аулалардың мемлекеттік актілері рәсімделген.

Advertisements