ШЫМКЕНТ: Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыстар өз нәтижесін беруде

142

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша бүгінгі таңда  мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы-2025», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Мен кәсіпкер боламын» іс-шаралар жоспары  бағдарламалары іске асырылуда.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 6%-дан 7 млрд. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Сонымен қатар мүлік жетіспеген жағдайда 50%-ға дейін мемлекет тарапынан кепілдік ұсынылады. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде кепілсіз қайтарымсыз негізде 5 млн.теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беріледі.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында  жеңілдетілген несиелер 6%-дан 7 жылға 22 млн.теңгеге дейін берілуі қарастырылған.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 6%-дан 7 млрд. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған

Сонымен қатар, әкімдік тарапынан «Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» іс-шаралар жоспары аясында төмен пайызбен несие алуға болады. Несие шарттарына сәйкес жеңілдетілген несиелер 1%-бен    7 жылға 10 млн. теңгеге дейін берілуі қарастырылған.

Advertisements