ШЫМКЕНТ: Жылына 150 мың дана дөңгелек шығаратын кәсіпорын бар

113

Шымкент қаласында орналасқан «TABA INDUSTRIAL» ЖШС ауыр өнеркәсіптің дамуына үлес қосып келе жатқан бірден-бір кәсіпорын.

Зауыт дөңгелектер, бақша арбалары және баспалдақтар өндіреді.

Жобаға 498,8 млн теңге инвестиция тартылып, 65 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Жоба жылына 150 000 дана дөңгелек, 300 000 дана бақша арбасы, 60 000 дана баспалдақ шығаратын болады. Өндіріс «Тассай» индустриялық аймағында 0,6 гектар аумақта орналасқан.

Бүгінде «Тассай» индустриялық аймақта жалпы құны 28,1 млрд теңге құрайтын 18 жоба іске асырылып, онда 800-ге жуық жұмыс орны ашылған. Аталған жобаларға «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында қолдау көрсетілген.

Жыл соңына дейін қосымша 70 жаңа жұмыс орнымен 2 инвестициялық жоба іске қосылатын болады.

Жалпы, Шымкент қаласы – рес­пуб­ли­каның ірі өнеркәсіптік орталық­тары­ның бірі. Бүгінде өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорындар белсенді жұмыс жасауда.
Тәуелсіздік алғаннан бері Шымкент қаласының өнеркәсібі – экономик­а­ның негiзiн қалайтын және айқындайтын секторлардың бiріне айналды. Өткен жылдың өзінде өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнімнің төрттен бірін құрады.
Алғашқы тәуелсіздік жылдары қаладағы өнеркәсіп орнымен 9,9 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, өткен жылдың қорытын­ды­сымен өнеркәсіп өнімнің көлемі 654,2 млрд тең­геге дейін жетіп, 66 есе өскен. Биыл бұл көр­сеткішті 700 млрд теңгеден асыру жос­пар­ланған.

Advertisements