Шымкенттегі білім ордалары Қазақстанның үздік мектептері қатарында

102

Заман талабына сай жаңғыруға қадам басқан еліміз білімді ұрпақ тәрбиелеуге ерекше ден қойып отыр. 2012 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында алдымен, №90 жалпы орта мектебі болып ашылған. Мектеп оқушыларының контингентін 98,9% көршілес мемлекеттерден атамекеніне қоныс аударып келген қандастарымыздың балалары қамтиды. Жалпы орта білім беретін мектепке 2020 жылы маусым айында «мектеп-гимназия», одан кейін «дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия» мәртебесі мен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың есімі беріліп, мектеп жанынан соғылатын интернат құрылысының жобасы бекітілді. Өткен оқу жылында 2400 оқушы білім алды. Қаламызда тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы 98 мектептің салынуы үш ауысымды мектептер санының қысқарып, мектеп оқушыларының бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына өзінің үлкен ықпалын тигізді, — дейді Арман Шымбайұлы.

Адами капиталды қалыптастыруда және оның тиімділігін арттыруда білім беру саласының жетекші рөл атқаратыны белгілі. Мамандарының біліктілігі мықты, азаматтарының білімі терең, санасы биік елдердің өрісі кең, өркені мықты келеді. Мемлекетіміздің тұғырын бекітіп, алдағы бағыт-бағдарын, кемел келешегін дәйектеп берген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыны басшылыққа алып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ білім саласының көкжиегін кеңейтуге басымдық берді. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы көптеген игіліктерге жол ашты. Соның нәтижесінде еліміздегі білім жүйесі әлемдік үдерістерден кейін қалмай, жылдан жылға дамып келеді. Бұл ретте тәуелсіздік жылдары бой көтерген білім ұяларының алар орны ерекше.

Биылғы жаңа оқу жылы ел өміріндегі маңызды оқиға – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі білімді ұрпақтың қолында екені ұдайы айтылып келеді. Бұл тек сөз жүзінде қалып жатқан жоқ. Мемлекет тарапынан білім сапасын арттыруға, мектеп және балабақшамен қамту, мектептерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, шет елде білім алуға мүмкіндіктер жасалып келеді. Айталық, тәуелсіздік жылдары білім саласына қарасты нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа құрылыс қарқынды дамыды.

Advertisements