ШЫМКЕНТ: «Жұлдыз» индустриалды аймағында 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Осы мақсатта Шымкентте бірнеше бастама қолға алынды.
Атап айтсақ, солардың бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазіргі таңда инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары басталып кетті. 306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. 200 млрд.теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнымен 50 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.
Одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бойынша да жұмыстар жүріп жатыр.
Қала әкімі осы мақсатта Шымкент қаласында төртінші «Стандарт» жеке индустриалды аймағы ашылатынын жеткізді. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылады. Аймақта 180 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба іске асып, 4,5 мың адам жұмыспен қамтылады,-деп атап өтті қала әкімі.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында шағын және орта бизнестің жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға көбейтуді тапсырған болатын.